17 қаңтар күні қар, бұрқасын, кейбір жерлерде тұманның түсуі ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 қаңтар күні қар, бұрқасын, кейбір жерлерде тұманның түсуі ықтимал

17 қаңтар күні қар, бұрқасын, кейбір жерлерде тұманның түсуі ықтимал

Қазақстанның барлық дерлік аумағы фронтальдық бөліктердің ықпалында қалуда, онымен бірге 17 қаңтарда қар, бұрқасын, екпінді жел, кейбір жерлерде тұманның түсуі күтілуде.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кейбіңр жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын, желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Павлодар облысында бұрқасын, желдің 17-22 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с соғатын жел, түнде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман болады.

Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтардықтай өзгерістер күтілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ескерту жарияланған болатын: 15-17 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады, 17-22 м/с дейін соғатын екпінді жел күтіледі.