Грузия Қазақстандағы Елшісін қайтарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия Қазақстандағы Елшісін қайтарып алды

Грузия Қазақстандағы Елшісін қайтарып алды

Грузия Президенті Михаил Саакашвили СІМ-нің басшысы Майя Панджикидзенің 15 елдің және екі халықаралық ұйымның Елшілерін қайтарып алу туралы сұрауын қанағаттандырды.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 328
Фото - Caravan.kz

Әңгіме Сыртқы істер минстрінің бұған дейін мемлекет басшысына жолдаған хатында есімдері аталған дипломаттар жайында.

Бұл туралы журналистерге Грузия президенті әкімшілігінің өкілдері хабарлады.

«Президент Сыртқы істер министрінің хатына қол қойды», — деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Қазақстандағы Елші — Давид Мумладзе, АҚШ-ғы елшісі — Темури Якобашвили, БҰҰ-ғы тұрақты өкіл — Каха Ломая, Бельгиядағы Елші және Грузияның ЕС-ғы Елшісі — Саломе Самадашвили, Еуропа Кеңесіндегі тұрақты өкілі — Мамука Жгенти, Ұлыбритания, Германия, Болгария, Литва, Әзірбайжан, Түркия және Қытайдағы Елшілер қайтарылды.

Перейти к новостям спорта