деп жазды бүгін «Казахстанская правда» газеті «Козы-Корпеш и Баян-сулу заговорят на английском» атты мақалада (автор — Раушан Шүлембаева).
Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар қазақ мәдениетінің әлемдік деңгейдегі брендін құру аспектілерін талқылады.
Бірақ қазақ мәдениетінің бренді әзірше жоқ. Сондықтан «Тағылым» зияткерлік клубы мен «Мәдени даму институты» қоғамдық қоры «Қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің әлемдік деңгейдегі брендін құру» атты бірлескен ғылыми-зерттеу жобасын әзірледі.
Жобаның ғылыми жетекшісі, мәдениеттанушы Ерлан Сайыров бірінші кезекте олар әлемге есімі белгілі қазақтың бірінші ғалымы, атақты зерттеуші және саяхаттанушы Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармаларын ағылшын тіліне аударумен айналысатындарын хабарлады.
Ал келесі кезекте ағылшын тіліне Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың қайғылы махаббатына арналған поэма аударылатын болады. Бұл шығарманың бірегейлігі оның басты кейіпкерлерінің шынайы адамдар болғанында.