«Үш Ноян» мен «Граф Монте Кристо» кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқалары жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Үш Ноян» мен «Граф Монте Кристо» кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқалары жарық көрді

«Үш Ноян» мен «Граф Монте Кристо» кітаптарының қазақ тіліндегі нұсқалары жарық көрді

ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы қазақ оқырмандарының әлем әдебиетінің классикалық туындыларымен сусындауына жағдай жасауда. Соның жарқын көрінісі француз жазушысы Александр Дюманың Ә.Жұмабаевтың тәржімасымен жарық көрген атақты «Үш Ноян» және Қ.Жұмағалиевпен бірлесіп аударған «Граф Монте Кристо» кітаптары болып отыр. Әрқайсысы үш мың данамен шыққан бұл шығармалардың қазақ тілінде жарық көруіне қолдау көрсеткен ҚР Білім және ғылым министрлігі.

  • 1 Наурыз 2013
  • 1023
Фото - Caravan.kz


Қауымдастық оқулықтар мен көркем әдеби кітаптар өндірісін жандандыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Соның бірі — көркем аударма. Бұл бағытта қазір жергілікті аудармашылар, бүгінгі оқырманға ең қызықты деп танылған бірқатар шетел жазушыларының әйгілі туындыларын тәржімалауда. Мәселен биыл жыл соңына дейін Стиг Ларссонның «Айдаһар таңбалы қыз», Ли Чайлдтің «Дұшпан», «Ажал алаңы», Дэн Брауның «Да Винчи коды», Джеймс Хедли Чейздің «Із қалмасын» атты кітаптарының қазақша нұсқаларын кітап етіп басып шығармақ. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін аударылған өзге де классикалық туындыларды да қажеттілікке орай қайта басып шығару қолға алынуда.

Перейти к новостям спорта