Диснейдің тағы бір мультфильмі қазақша үн қатады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диснейдің тағы бір мультфильмі қазақша үн қатады

Диснейдің тағы бір мультфильмі қазақша үн қатады

Көрсетілімі ел кинотеатрларында 2013 жылғы 20 маусымда өтетін Disney/Pixar «Монстрлар университетi» анимациялық фильмін қазақ тіліне аудару аяқталды.

  • 17 Мамыр 2013
  • 641
Фото - Caravan.kz

«Монстрлар Корпорациясы» мультфильмінің приквелы «Болашақ» қауымдастығының, Marwin компаниясының қатысуымен және «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен қазақ тіліне дубляжы жасалды. Ол қазақ тіліне аударылған бесінші фильм болды.

2012 жылы қазақ тіліне «Қара киімділер 3» экшн-комедиясы, «Жаңа Өрмекші адам» фантастикалық фильмі және «Батыл журек» анимациялық фильмі аударылғанын естеріңізге саламыз. 2011 жылы «Көліктер-2» анимациялық фильмі алғашқы рет қазақ тіліне аударылған.

«Болашак» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлағандай, фильмді дубляждау жұмысына талантты актерлер қатысқан. Майк Вазовски Дулыға Ақмолданың дауысымен сөйлейді («Біржан-сал»). Майктың адал досы және серіктесі, Джеймс П. Салливан Руслан Сенкебаевтың дауысымен сөйлейді. Майк пен Саллидің мәңгілік қарсыласы — Рэнди Боггстың дауысымен Азамат Қанапья сөйлейді. Танымал қазақстандық актриса Лидия Кәден жаңа персонаж Декан Хардскрабблге өз дауысын сыйлады.

Фильмді дубляждау Қазақстанда Cinema Tone Production студиясында өтті. Дубляждың режиссёрі — Айжан Жәмшітова. Бұрын ол «Жаңа Өрмекші адам», «Батыл жүрек» және «Көліктер-2» фильмдеріне режиссерлік еткен. Фильмді қазақ тіліне Тұрысбек Сәукетаев және Салтанат Дүнгенбаева бейімдеген.

«Монстрлар Университетi» анимациялық фильмін дубляждауға Бағанашыл кенті №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де қатысты.

Перейти к новостям спорта