Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні хронометражын талдауды тапсырды.
"Көп уақыттың орынсыз жиналыстарға жұмсалатынын көресіздер, оның үстіне жиналыстар жұмыстан кейінгі уақытта өткізіледі. Облыстарда осыған қарсы күресу керек", деді Ә.Байменов ведомство төралқасының отырысында.
Сонымен қатар ол бөлінген мүлікті, әсіресе көліктерді мақсатқа орай пайдалану керектігіне назар аударды.
"Балабақша, мектеп, тойхана қасында мемлекеттік көліктер жиналып қалса, олар мақсатына орай пайдаланымай отыр деген сөз", деді ол.
Осы орайда ол көліктерге бірқатар компаниялардың GPS орнату тәжірибесін пайдалануды ұсынды.
"Өздеріңіз үлгі болыңыздар, облыс орталықтары аса ірі қалалар емес, қарапайымдылық, сыпайылық, жоғары корпоративті мәдениет үлгісін көрсетіңіздер", деді ол.