«Әлем халқы соңғы ондаған жылдар бойы Арал теңізінің тартылуын орны толмас апатқа балап келген болса, қазір теңіздің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасы жайында тамсана айтады. Елбасы Н.Назарбаев бастамашы болған жобаны жұмыр жердің болашағына алаңдаған жаһан тұрғындары ғасыр жобасы атауда. Мысалға, жобаның бірінші кезеңі теңіздің Арал қаласына 74 шақырымнан қазір 17 шақырымға дейін қайтуына себеп болды», — деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, теңізде аулауға болатын балықтың 1 түрі ғана қалса, қазіргі күні олардың 22-ге жетіп отыр. Теңіздің тұздану теңгейі 34-тен қазір 8 грамм/литрге дейін түсіп, тіршілікке жол ашылды.
«Ендігі кезде жобаның екінші кезеңі жүзеге асыру, теңіздің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін көтеріп, айдын кемері кезіндегі портты қала болған Аралға жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар Сырдария бойындағы көлдер қалпына келеді деп күтілуде. Бұл ойымыздағы қиял емес күні ертең жүзеге асатын жоба де сенемін», — деді өңір басшысы.