Барымташылар жүзге жуық басты Қазақстанға әкеп сатпақ болған көрінеді. Көрші елдің тәртіп сақшыларынан түскен ақпарат бойынша, қаскөйлер жылқышының аяқ қолын матап, алдындағы малын айдап әкеткен. Жылқы табылса да, ұрылар із суытып үлгеріпті. Қазір 4 барымташыдан құралған қылмыстық топ іздестірілуде. Ал жылқылар Ресейдегі иесіне қайтарылды.