Трактор тіркемесінің бір доңғалағын 3,5 млн. теңгеге сатып алмақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трактор тіркемесінің бір доңғалағын 3,5 млн. теңгеге сатып алмақ болған

Трактор тіркемесінің бір доңғалағын 3,5 млн. теңгеге сатып алмақ болған

Трактор тіркемесінің бір доңғалағы 3 жарым млн теңге! Павлодар облысындағы «Ертіс Орманы» резерватының басшылары мемлекеттік сатып алулар жөніндегі сайтқа осындай хабарлама ілген. Ақылға қонымсыз осындай бағалар көрсетіп, шенеуніктер 25 млн. теңге бюджет қаржысы талан-таражға салыпты.   

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz


Мұндай сорақылықтарға толы мемлекеттік сатып алулар сайтында 6 балабақшаның азық-түлік бағасын асырып қойғаны анықталды. Мысалы, Павлодарда 50 теңге тұратын нанның бөлкесін білім мекемесі 90 теңгеге сатып алмақ болған. Жұмыртқа бағасы да екі есе артық. Ал «Ертіс орманы» мемлекеттік мекемесінің лоты тіпті миға қонымсыз. Кәдімгі трактор тіркемесінің бір доңғалағын 3 жарым млн. теңгеге бағалаған. Негізінде бағаздағы құны 10 мың теңгеден аспайды.