Әскери бөлімшенің кәріз жүйесін тазалап жатқан 3 сарбаз улы газға тұншығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери бөлімшенің кәріз жүйесін тазалап жатқан 3 сарбаз улы газға тұншығып қалды

Әскери бөлімшенің кәріз жүйесін тазалап жатқан 3 сарбаз улы газға тұншығып қалды

Оралда әскери бөлімшенің кәріз жүйесін тазалап жатқан 3 сарбаз улы газға тұншығып қалды. Біреуі сол жерде жан тапсырса, 2 жауынгер жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

Кәріз құдығына түскен сарбаздардың шықпай қалғанын су сорғыш көліктің жүргізушісі жеткізген. Жауынгердің бірін құтқару мүмкін болмады. 19 жастағы жігіт улы газға тұншыққан. Ал қалған екеуінің өмірі үшін дәрігерлер күресуде. Қаза тапқан Нұрсұлтан Абдолла Оралдағы 5517 әскери бөліміне Қызылорда қаласынан шақырылған екен. Кісі өліміне қатысты ешкімнің де жауапқа тартылмауы мүмкін. Өйткені әскери бөлімше басшылығы «қауіпсіздік шараларын сақтамаған» деп болған жайды жауынгерлерге жауып отыр.   

Қанат Беляков, «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: 


—  Кішкентай тар жердің ішінде 2-3 адам болған кезде, өздері демалған кезде противогаздың көзәйнектері терлеп кетеді, буланып кетеді, ондай да жағдайлар болады. Сол кезде  біз ойлаймыз, олар шешіп тастаған шығар деп. Өйткені, шығарған кезде противогаз оларда болған жоқ. 

Бұл 5517 әскери бөлімінде орын алып отырған бірінші қайғылы жағдай емес. Осыдан 1 жарым ай бұрын мұнда қатардағы сарбаз өз-өзіне қол салмақ болған. Аузына қаратып оқ атқан жауынгер де Қызылорда облысынан шақырылған еді. Абырой болғанда дәрігерлер оны дер кезінде өлімнен арашалап қалды.