Психоневрологиялық диагнозы бар 31 адамға қару қолдануға жалған құжат берілген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психоневрологиялық диагнозы бар 31 адамға қару қолдануға жалған құжат берілген

Психоневрологиялық диагнозы бар 31 адамға қару қолдануға жалған құжат берілген

Автокөлік құралдарын басқару куәлігі 2011-2012 жылдары ауыр психоневрологиялық диагнозы бар 24 адамға берілген, деп хабарлады Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 453
Фото - Caravan.kz

Мұндай фактілер қаржы полициясының ақпараттық-сараптамалық бөлімінде анықталды. Материалдар облыстық ІІД-ге жіберіліп, онда ҚР ҚК 325-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Одан басқа, тексеру барасында «Павлодар тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу орталығы» мен «Павлодар психоневрологиялық диспансерінің» неврологиялық және органикалық психикалық бұзылу, ақыл-ой кемтарлығы диагнозы қойылғандар мен есірткі, алкоголь қолданатын науқастарға қаруды өзімен бірге алып жүру және сақтауға қатысты берілген рұқсат қағазға қатысты тағы жеті факт анықталды.

Облыстың ІІД-де қару ұстап, сақтауға рұқсат беретін жалған медициналық анықтамаларды жасаумен айналысқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.