Түркі Кеңесі Хатшылығының бақылаушы миссиясы Әзірбайжандағы президент сайлауын бақылайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркі Кеңесі Хатшылығының бақылаушы миссиясы Әзірбайжандағы президент сайлауын бақылайтын болады

Түркі Кеңесі Хатшылығының бақылаушы миссиясы Әзірбайжандағы президент сайлауын бақылайтын болады

Әзірбайжан Республикасының шақыруымен Түркі Кеңесі Хатшылығының миссиясы 2013 жылғы 9 қазанда өтетін Әзірбайжан президенті сайлауын бақылайтын болады.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 458
Фото - Caravan.kz

Түркі Кеңесінің делегациясы Әзірбайжандағы президент сайлауына бақылаушы миссиясын Қарабахтың Ағдам ауданында атқарады.

Миссия құрамында Түркі Кеңесі Хатшылығы қызметкерлерімен қатар мүше-мемлекеттер  Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан бір өкілден кіреді.

Аталған бақылаушы миссия Түркі Кеңесінің мүше-мемлекеттерде өткен сайлауларға Түркі Кеңесінің ұйымдық мәртебеде қатысатын үшінші сапары болмақ. Түркі Кеңесі Хатшылығы мен мүшелерінен құралған ортақ бақылаушылар делегациясы 2011 жылғы қазан айында Қырғызстан президенті сайлауында Ош қаласында, сондай-ақ 2012 жылдың қаңтарында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің сайлауында Оңтүстік Қазақстан облысында бақылаушы жұмысын атқарып қайтқан болатын.


Делегация жетекшісі сайлау туралы пікірін ағымдағы жылдың. 10 қазанында Бакуде өтетін баспасөз жиынында бөліседі және бұдан кейін бақылаушы делегацияның есебін мүше-мемлекеттерге ұсынады.