Алматыда «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары» Қазақстан-Корея форумы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары» Қазақстан-Корея форумы өтуде

Алматыда «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары» Қазақстан-Корея форумы өтуде

Бүгін Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары» деген тақырыпта Қазақстан-Корея форумы өтуде.

  • 22 Қыркүйек 2013
  • 1040
Фото - Caravan.kz

Корея тарапынан форумға Корея Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту Мемлекеттік агенттігінің, Сәндік өсімдіктерді өсіру және бақша шаруашылығын жүргізу бойынша ғылыми-зерттеу орталығының, азық-түлік өнеркәсібін ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері қатысты.

Форумның басты мақсаты — Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның аграрлық экономикалық саласындағы ынтымақтастықты дамытып, жылыту кешендерін «ноу-хау» басқару тәжірибелерімен бөлісу. Форум барысында, сондай-ақ, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында шағын және орта бизнесті дамыту және бизнес-серіктестерді іздеу мәселелері де қарастырылады.

Форум Корея Республикасының Алматыдағы елшілігі, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қазақстан кәрістерінің қоғамдастығы мен «Кахак» кәріс ғылыми-техникалық қоғамы, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық сұрақтар бойынша комитеті және Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды.