Өскеменде тіл жанашырларына құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде тіл жанашырларына құрмет көрсетілді

Өскеменде тіл жанашырларына құрмет көрсетілді

Өскемендегі Достық үйінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Бір шаңырақ астына топтасып, тағдыры тұтас, тілегі ұқсас болып кеткен әр ұлт өкілдері оны ерекше деңгейде атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

  • 22 Қыркүйек 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

Жыл өткен сайын мазмұны мен мағынасы жағынан ерекшелене түсіп келе жатқан достық һәм бірлік мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, ұлттардың ұйысуына негіз болып келе жатқан шараның ерекше аталып өтуіне атсалысып жүрген азаматтарға игі тілегін арнады.

"Ахмет Байтұрсыновтың: «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген қанатты сөзі бар. Кез келген ұлттың болмысы мен тірлігін танытатын — оның туған тілі. Сондықтан да әр адамзат баласы үшін оның қадірі ерекше. Өздеріңіз білесіздер, біздің елімізде жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Өзге ешбір елде Ассамблея тіпті, халықтар тілдері күні деген жоқ екен. Кезінде анау Еділден айырылып бара жатқан кезде Қазтуған жыраудың: «Қайырлы болсын сіздерге, біздерден қалған Еділ-жұрт» деп, кейінгіге береке-бірлікте болуды аманат етіп кеткен ғой. Тек біздің Қазақстанда ғана корей, ұйғыр, неміс, орыс театрлары бар. Осының өзі-ақ «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деп кеткен Абай бабамыздың өсиетімен кең қолтығымыздың астына барлық ұлтты сыйдырған қасиетімізді білдіретіні сөзсіз. Биылдың өзінде облысымызды мекен ететін өзге ұлт өкілдері өз ана тілін ұмытпай, оқып-үйренуі үшін 44 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Мұның барлығы айналып келгенде татулық пен бірлік, ынтымақ үшін істеліп жатқан шаруалар. Сондықтан сол өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруі керек. Біз қашанда қазақ айтатын: «ақсақалдың сабырына, жастың жігеріне сүйеніп» жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын", — деді Ж. Омар.

Жақсылық Омардың құттықтауынан кейін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдын Шаймарданов өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін әр саланың бірталай мамандарына басқарманың грамоталары мен сыйлықтарын тапсырды.