Астанада үш адам газбен уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үш адам газбен уланып қалды

Астанада үш адам газбен уланып қалды

Астананың Оңтүстік-Шығыс шағынауданында үш адам газбен уланып қалған.

  • 22 Қыркүйек 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Шу көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пеш ақауы салдарынан 28 жастағы ер адам газбен уланып, оқиға орнында көз жұмды.

Шалкөде көшесіндегі тұрғын үйде де пеш ақауы салдарынан 29 жастағы әйел адам мен 15 жастағы қыз газбен уланып, ауруханаға жатқызылды.