Қостанай облысындағы «Қазақстан Алюминий» Краснооктябрь боксит өндіру» басқармасы еліміздің табиғатты қорғау заңдарын аяқасты етіп келген. Кәсіпорынның ретсіз төккен күл-қоқыстарындағы зиянды заттар белгіленген нормативтен әлденеше есе көп. Прокурорлардың айтуынша, өндіріс орнының арнайы құжаты болмағандықтан, күл-қалдықтарды да өздері қалаған жерге төге берген. Табиғатқа келтірілген залалдың бәрі есептеліп, шығынның орны толтырылды.
"Лисаков қаласы прокуратурасы мен Қостанай облыстық экология департаменті заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысы бойынша «Қазақстан Алюминий» Краснооктябрь боксит кені басқармасынан 10 млн. теңгеден асатын залал сомасы мемлекетке өндіріліп алынды. Аталған заңбұзушылықтар көп жағдайда заңның нормаларын білмеуден болады", — дейді облыстық прокуратура өкілі Нұрбол Абдрахманов.