Ақтаудағы қоғамдық тыңдауларда НКОК компаниясы Қашағанды игерудегі басты басымдық туралы әңгімеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы қоғамдық тыңдауларда НКОК компаниясы Қашағанды игерудегі басты басымдық туралы әңгімеледі

Ақтаудағы қоғамдық тыңдауларда НКОК компаниясы Қашағанды игерудегі басты басымдық туралы әңгімеледі

НКОК компаниясы "Аджип ККО" және "НК Продакшн Оперейшнс Компани Б.В." (НКПОК) компания-агенттермен бірлесіп, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы 2014 жылға арналған табиғат қорғау шаралары туралы жоспарын жұртшылыққа ұсынып, қоғамдық тыңдаулар өткізді.

  • 22 Қыркүйек 2013
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін белгілі болғандай, маусым айының соңында Қашаған кенішіндегі бірінші кезең бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды, оның қорытындысы алғашқы мұнай өндіру жұмыстарының басталуы болды. Қазіргі кезде мұнай өндіру көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Ортамерзімді перспективада тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіру межесіне жету жоспарлануда.

Қоғамдық тыңдауларда атап өтілгендей, консорциум үшін ең басты басымдық кенішті игеру және өндіріс басталуы барысында қоршаған ортаны қорғау болмақ.

«2014 жылғы жоспарда өндіріс және тұтыну қалдықтарын тазалау, жер қойнауын ұтымды пайдалану, мұнайдың апаттық жағдайда төгілуіне жол бермеу, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ғылыми зерттеулер жүргізу, флора мен фаунаны сақтау, итбалықтардың өсіп-өнуіне мониторинг, орнитологиялық зерттеулер жүргізу сияқты кешенді шаралар көзделіп отыр. Консорциум бұл жұмыстарға халықаралық және жергілікті сарапшыларды тартып, инновациялық әдістемелерді және ең озат технологияларды қолдданатын болады. Біз теңіз алабының экожүйесін сақтау жөніндегі зор жауапкершілікті жақсы түсінеміз», — деді НКОК корпоративтік қызметтер бойынша директоры Мұрат Мұқашев.

Бұл басқосуда шараны ұйымдатстырушылар табиғат қорғау шаралары жоспарларында көзделген қаражат мөлшерін айтпағанмен, консорциум ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және жергілікті өкімет орындарымен ынтымақтастықта белгіленген табиғат қорғау шараларына миллиондаған доллар қаржы жұмсайтынын нақтылады.