Михайловтың айтуынша, бұл — ынтымақтастық қарым-қатынастың басы ғана. Ол Қазақстанның астанасымен байланыс әлі де нығая түсетініне сенім білдірді. Екіжақты тиімді байланыс орнату үшін үлкен перспективалар да бар.
«Осы ресми сапардың барасында біз ресейліктер мен қазақстандықтардың ортақ тарихының ұқсастығына көз жеткіздік. Бұл сапар Астана мен Курск облысының тұрғындары мен екі ел игілігі үшін жасалатын көпжақты тиімді ынтымақтастықты нығайтып, дамытудағы жемісті жұмыстың басы болады деген сенімдемін», — деп атап өтті Александр Михайлов.