Павлодарское ауылындағы мешіт пен медресеге жаңа автокөліктер табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарское ауылындағы мешіт пен медресеге жаңа автокөліктер табыс етілді

Павлодарское ауылындағы мешіт пен медресеге жаңа автокөліктер табыс етілді

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, ҚР бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қасым қажы мешіті мен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне екі жаңа «Газель» автокөлігінің кілтін табыс етті.

  • 23 Қыркүйек 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Ерлан Арынмен бірге ол медресенің оқытушылары мен шәкірттерін жаңа ғимаратқа көшуімен құттықтады. Қала маңындағы Павлодарское ауылындағы мешітті Алматыдан келген кәсіпкер Қанат Омаров өзінің атасы Қасым қажы Ертісбаевтың құрметіне салғызған. Көтеріліске дейін Қ.Ертісбаев «Жәдид» уездік мектебін ашқан, «Ғылым» қазақ мұғалімдерінің жетекшісі болды, 1933 жылы репрессияға ұшырап, абақтыда көз жұмды.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі көшіп барған мешіт аумағындағы ғимаратта республиканың алты облысы үшін имамдар дайындайды. Онда оқу бөлмелері, кітапхана мен оқытушылар кабинеттері бар. Жеке бір қабатты құрылыстарда 200 орынға шақталған асхана, тұрмыстық кешен мен қазандық бар.


Бүгінде «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде 51 болашақ дін қызметкері білім алып жатыр.