Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Князь Альбер Екіншінің шақыруымен 27-28 қыркүйекте Монако княздығына ресми сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сапар барысында Монако князі Альбер Екіншімен екіжақты келіссөздер өткізілмек, сондай-ақ қазақ-монако бизнес форумы шеңберінде екі елдің іскерлік топтарымен кездесу өтеді.
Президенттің сапары 2012 жылы қарашада қол қойылған екі ел басшыларының бірлескен декларациясында басты бағыттары белгіленген Монако княздығымен ынтымақастастықты дамыыту бойынша қол жеткен келісімдерді ілгерілетуге бағытталған.