Павлодарда көлік астына түскен оқушы қыз аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда көлік астына түскен оқушы қыз аман қалды

Павлодарда көлік астына түскен оқушы қыз аман қалды

Павлодарда үстінен 2 тонналық көлік басып өткен бойжеткен аман қалды. Жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 9 -сынып оқушысын машина таптап өтсе де, қыз жеңіл жарақатпен құтылған.  

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 235
Фото - Caravan.kz


Қарсы беттегі көліктің видеорегистраторына жазылған таспада оқушы қыздың жолды белгіленген жерден өтіп бара жатқаны анық көрініп тұр. Алайда оны байқамаған, әлде елемеген ДЭУ көлігінің жүргізушісі қызды қағып қана қоймай, үстінен басып өтті. Ол аздай, оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Ал қыз есеңгіреген бойы асфальттан тұрып, жол шетіне өз аяғымен барды. Жеңіл жарақат алған бойжеткен қазір ауруханада.