Алматы облысында мектеп оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында мектеп оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында мектеп оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады. 6 шақырым жердегі мектепке қатынайтын автобус әдеттегідей толып келе жатқан. Қоғамдық көлікке сол кезде жеңіл машина бетпе-бет соғылыпты. Қатты соққыдан оқушыға толы автобус сайдан бір-ақ шыққан. Салдарынан бір адам қаза тауып, бірнешеуіне дәрігерлік көмек көрсетілді.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 374
Фото - Caravan.kz

Оқиға сағат бірлер шамасында орын алды. Бала толы автобус мектептен көрші ауылға қарай қайтып келе жатады. Кенеттен, жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысып, бүлдіршіндер отырған көлік жолдың жиегіне қарай шығып кеткен. Жеңіл көлік иесі оқиға орнында қаза тапты.

Жалпы автобус ішінде 60 бала отырыпты. 12-сі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілсе, қалғанына дәрігерлік көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарылған. Ал балаларының мектептен қайтуын күткен ата-ана болған оқиғаға әлі сенер емес. Ұл-қыздарының көгерген қол-аяғын көріп, жанын қоярға жер таппай жүр. Бүлдіршіндер болса, шошынып қалған. Бүгін олар автобустың есігінен емес, терезесін сындырып шықты.  

Бомба жарылғандай болды, сол кезде бәріміз жылай бастадық. Сосын бір-біріміздің үстімізге құлай бастадық. Аяғым қатты қысылып қалды. Бізді терезесін сындырып шығарды. Одан әрі не болғанын білмеймін. Бірақ қорқып қалдық қатты.

Оқушылар ауылдарынан 6 шақырым жердегі Тұрар елді-мекеніндегі мектепке қатынап оқиды.Бір ғана «Арай» саяжайы ғана емес, Достық, Дархан, Баркөл, Үштерек ауылдарының бүлдіршіндері де сондағы мектепке қатынайды екен. Барлығына ортақ —  бір сары автобус. Таңертең екі рейс, түсте екі рейс, ал кешке барлығын тиеп, аузы-мұрнын толтырып үйді-үйіне таратады.


Әйгерім Қуатбекова, оқушы:

— Автобус болмайды, сынып қалады. Таксимен әрең дегенде барамыз. Таксилер кейде тоқтамайды, біз далада тоңып тұрып қалдық, ауырып қалуымыз мүмкін.

Енді оқушылар жақын күндері мектеп табалдырығын аттай қоймасы анық. Өйткені автобустың сау-тамтығы қалмаған. Ал оқушыларды соққан жеңіл көлік болса, жартылай жоқ. Ауыр жараланған 49 жастағы жүргізушісі сол жерде жантәсілім етіпті. Жол апатына да осы жеңіл көлік иесі кінәлі дейді полицейлер. Жылдамдықты шамадан тыс асырған ол қарсы бағытқа шығып кеткен.