Қарағандыда газ жарылып, 4 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда газ жарылып, 4 адам зардап шекті

Қарағандыда газ жарылып, 4 адам зардап шекті

Қарағандыда тұрғынүйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, бесінші қабаттағы пәтердің қабырғасы қирап, үй ішіндегі заттар 100 метр төңірекке дейін шашылған.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 275
Фото - Caravan.kz

Таңғы сағат 7 шамасында болған жарылыстан үйдің бүкіл тұрғындары тұрмақ, жақын маңдағылардың барлығы селт еткен. Апат салдарынан сол пәтердің қабырғасы опырылса, көршілес 4 пәтердің астан-кестеңі шығып, 4 адам зардап шекті. Олардың бірі ауыр халде. Апатқа әдеттегідей баллон емес, сырттан келетін газ құбыры себеп. Пәтер қожайыны құбырдың бүлініп тұрғанына мән бермеген. Газ таратушы компания өкілдерінің айтуынша, үй иесіне осыған дейін де ескертулер жасалған екен.


Сергей Говрилюк Қарағанды қаласының тұрғыны:

— Жарылыс болған соң бірден пәтерге кірдім. Екі қыз баланы қабырға басып қалыпты. Құтқарушылар оларды шығарып алып, жедел жәрдеммен жөнелтті.