Семейде жаңа технологияларға негізделген құрылыс материалдары өндіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жаңа технологияларға негізделген құрылыс материалдары өндіріледі

Семейде жаңа технологияларға негізделген құрылыс материалдары өндіріледі

 Семейде «Сәт Транс» ЖШС үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салуға қажетті құрылыс материалдарын өндіреді. Бұл жобаның құны 1,2 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 783
Фото - Caravan.kz

Кәсіпкер Нұрлан Байбеков комбинат құрылысы құнының 35 пайызын өздері құйғанын, қалғаны заемдық қаржы екенін атап өтті. Толық қуатында іске қосылған соң 100 адамға дейін жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын өңірлік Индустрияландыру картасы, ҮИИД, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Қолжетімді тұрғын үй» сынды мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады.

Комбинатта шығарылатын құрылыс материалдарының ерекшелігі жаңа технологияларға негізделген. Нәтижесінде салынатын үйдің негізгі салмағы мен шығыны азайып, беріктігі арта түседі. Мұнда жұмысшыларға қажетті жағдай жасалған. Асхана, жуыну-киіну бөлмелері бар. Арнайы зертханада құрылыс материалдарының сапасы тексеріліп отырады.