Атырауда 9 адам лаңкес деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 9 адам лаңкес деп айыпталуда

Атырауда 9 адам лаңкес деп айыпталуда

Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қазақстан Республикасының 9 азаматына қатысты сот үрдісі басталды. Олар қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпталуда.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 289
Фото - Caravan.kz

«Сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексі 233-баптың 4-бөлімі , 233-1-баптың 2-бөлімі, 233-2-баптың 2-бөлімі, 233-3-баптың 1-бөлімі, 251-баптың 3-бөлімі, 252-баптың 3-бөлімі, 24-баптың 1-бөлімі, 175-баптың 1-бөлімі бойынша айып тағылуда. Бұл — лаңкестік, лаңкестікті үгіттеу, лаңкестік топты құру және басқару, сондай-ақ, оған қатысу, қаруды заңсыз сатып алу, сақтау және жасап шығару, экстремизмді және лаңкестік қызметті қаржыландыру, ұрлыққа түсуге әрекет жасау», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Сотталушылардың жасы 17-ден 33-ке дейінгі адамдар екені белгілі болды. Олар Атырау облысы Құрманғазы және Исатай аудандарының, сондай-ақ, Атырау қаласының тұрғындары. Сот үрдісі жабық тәртіпте өтуде.