АҚШ соты жылқыны жануарлардың «агрессивті» түріне ресми түрде жатқызуы мүмкін, деп Би-би-си мәлімдеді.
2006 жылы Коннектикут штатындағы фермада Скраппи деген ат баланы тістеп алған. Баланың ата-анасы ферма иесін сотқа берген болатын.
Төменгі сатыдағы сот Скраппиді «өзін агрессивті ұстау табиғатына тән жануар түріне» жатады деп қаулы етті, сондықтан ондай әрекетті жануардан күтуге болады. Осындай шешімге байланысты штаттың жоғарғы сотына апелляция берілді.
Фермерлер егер бастапқы шешім күшінде қалса, жылқы малын сақтандыруға болмайтынын айтады.