Көмекке мұқтаж қариялар «қарттар күніне» орайластырылған мерекеден қағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көмекке мұқтаж қариялар «қарттар күніне» орайластырылған мерекеден қағылды

Көмекке мұқтаж қариялар «қарттар күніне» орайластырылған мерекеден қағылды

Өскемен бүгін қарттар күнін атап өтті. Жылдағы дәстүр бойынша салтанатты жиындар, концерттер ұйымдастырылып, тіпті Стив Джобс туралы фильмді тамашалауға тегін билеттер де таратылды. Алайда  көмекке шын мұқтаж қариялар қамқор шенеуніктердің тізіміне бұл жолы да ілінбей қалған. Солардың бірі - Несіпхан Әбдіғалиева. 80-нің сеңгіріне шыққан қария бала-шағасымен өркениет атаулыдан жұрдай үйде әрең күнін көріп жр.

  • 2 Қазан 2013
  • 581
Фото - Caravan.kz

Әдетте, бұл күні жер-жерде қариялар үшін осындай дастархандар жайылады, би биленіп, ән айтылады. Дұрыс шығар, себебі қарттар күні жылына бір рет келетін мереке. Алайда шын мәнінде нағыз көмекке мұқтаж кейуаналар назардан тыс қалып жататыны да өкінішті. Себебі кейбір қарттарымыздың босағасына бүгін бұл мейрам келмеді.

Өскемендік Станислава Веригина бүгін де күндегідей жалғыз. Өйткені мерекеге шақырған жоқ. Қазір ол әкімдікке терезелерін жөндеп беруді өтініп келіпті. Ал думандатып жүретін мүмкіндігі де, ынтасы да жоқ. 

Мерекеге мұршасы жоқ қарттардың бірі — Несіпхан әже. 80-нен асқан қария қызы және немерелерімен қабырғасы қақыраған мына тамда бірнеше жылдан бері тұрып жатыр. Терезе орнын пакетпен қымтаған. Үйдің төбесі ортасына түсе ме деп алаңдаған отбасының электр жарығын көрмегеніне де үш жыл болыпты. 

Несіпхан Әбдіғалиева, Мамай батыр ауылының тұрғыны :

— Міне үйім жаман. Қиналып жүрмін… Бәрінің үйі әдемі. Менікі жаман. Маған енді үй алып беріңіздер.

Бар ғұмырын Ұлан ауданында өткізген Несіпхан Әбдіғалиева кездейсоқта басындағы баспанасынан айырылып қалған. Қақаған қыста ол мүгедек қызы мен немерелерін ертіп иен тұрған лашықты паналапты. Қазір енді қирағалы тұрған қораның иесі тамды босатыңдар деп түртпектеп жатқан көрінеді. Бұл жағдайды білетін ауыл әкімдігіндегілер кезінде көмектескенбіз деп, қол ұшын беруден тартынып отыр.  


Мәншүк Қырықбаева, Аблакет ауылдық округі әкімдігінің бас маманы:

Біз аузымызды құрғақ шөппен сүртіп отырған жоқпыз. Біз ол үйдің иесімен келісіп бердік. Міне, 5 қазанда уақыты бітеді.

Кейуананың зейнетақысына қарап отырған мүгедек қызы Айнагүл жағдайы жоқтықтан үлкен ұлы Ерасылды мектепке бермеген. Қазір үйді асырап отырған осы ойын баласы. Күнделікті 3 шақырым жердегі құдықтан су тасып, өзеннен балық аулап әкеледі. Отбасының күнде талғажу ететін тамағы бұл. 

Айнагүл Темірбаева, Н. Әбдіғалиеваның қызы:

Енді қалған кішкене өмірін жақсы өмір сүрсе деймін. Арманым бар. Ел қатарлы өмір сүрсе. 

Жығылғанға жұдырық, жарты жыл бұрын аяқастынан мертіккен Несіпхан әже қазір таяққа сүйеніп қалған. Бүгінгі мерекені де ол кісі мүлде сезген жоқ. Өйткені оларды ешкім құттықтап келмеді.