2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 3,7 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 3,7 пайызға өсті

2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 3,7 пайызға өсті

2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

  • 2 Қазан 2013
  • 636
Фото - Caravan.kz

2013 жылғы қыркүйекте 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда макарон өнімдеріне баға 9,8%, ұнға — 6,3%, кофе, шай және какаоға — 4,8%, сүт өнімдеріне — 4,5%, балық және теңіз өнімдеріне — 4,1%, алкогольді ішімдіктерге — 3,8%, тоқаш және ұн өнімдеріне — 3,6%, май және тоң майға — 3,4%, кондитерлік өнімдерге — 3,3%, жемістер мен көкөністерге — 2,5%, нанға 1,1%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 4,9%, қантқа 4% деңгейінде байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3,2% құрады. Жылқы етіне, шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4,5%-дан, қой етіне — 3,5%-ға, сиыр етіне — 2,9%, шошқа етіне — 2,8%, құс етіне 0,9%-ға жоғары болды.