Қоғамға қауіпті психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдар мәжбүрлеп емдеуге беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамға қауіпті психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдар мәжбүрлеп емдеуге беріледі

Қоғамға қауіпті психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдар мәжбүрлеп емдеуге беріледі

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Психикалық бұзылушылықтардан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 2 Қазан 2013
  • 640
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің бірінің есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекет жасаған азаматтарды, сонымен қатар, уағдаласушы тараптың аумағында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бар азаматтарды емдеуден өткізу көзделеді. Сонымен бірге, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, сондай-ақ науқастың келісімі, егер ол өз ойын еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімі алынған адамдарды мәжбүрлеп өткізу үшін емдеуге беру қарастырылады.

Бұл ретте конвенция адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін жүгіну тәртібін және беру тәртібін белгілейді.


Конвенция 1997 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында жасалған.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.