Біржынысты қатынасқа тыйым салу мәселесі Мәжілісте көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біржынысты қатынасқа тыйым салу мәселесі Мәжілісте көтерілді

Біржынысты қатынасқа тыйым салу мәселесі Мәжілісте көтерілді

Мәжіліс «көгілдірлерге» қарсы ашық күрес жариялады. Өйткені елімізде біржыныстылардың некелесуі белең алған. Жағасын ұстаған халық қалаулылары мұндай азғындыққа тосқауыл қою үшін қолданыстағы заңға шұғыл түзету енгізбек ойда.

  • 3 Қазан 2013
  • 362
Фото - Caravan.kz

Қазір таңда Астана, Алматы, Қарағанды мен еліміздің бірнеше қаласында «қызтекелер» жиналатын жасырын түнгі клубтар жетерлік. Онда көгілдірлер мен еркекшора қыздар бас қосып жын-ойнақ ұйымдастыратын көрінеді.  Мынау Алматыдағы түнгі клубтардың бірі. Екі өрімдей бойжеткен заңды некелерін қиып жатыр. Ал бұл Қарағандыда түсірілген көрініс. Қызтекелер қаланың қақ орталығына келіп жеке өмірлеріне ешкімнің араласпауларын талап етуде. Тіпті олар гомосексуалдардың мүддесін қорғайтын ұйым құрып алған. Ғаламторда арнайы сайттары да бар. Енді ұл мен қыздың Батыстан бастау алған азғындығына ермеуі үшін елімізде біржыныстылардың некелесуіне заң жүзінде тиым салынуы мүмкін. Мәжіліс төрінен шырылдаған ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл ондай шектеуді тез арада енгізуді ұсынып отыр. 


Бақытбек Смағұлов, Мәжіліс депутаты:

— Болашақта бір жынысты еркектер елімізді қалай қорғайды? Қорғаныс жағын қалай қамтамасыз етеді? Демографиялық өсімге қандай үлес қосады? Ұрпаққа қандай тәрбие бере алады?