Қажылық пен ұмра университеті ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылық пен ұмра университеті ашылады

Қажылық пен ұмра университеті ашылады

 Мекке қаласының әміршісі және Қажылық істері жөніндегі орталық комитеттің төрағасы Халид әл-Фейсал ел аумағында қажылық пен ұмраға қатысты өз алдына бөлек жоғарғы оқу орнын ашу жөнінде ұсынысын білдірді, деп хабарлайды muslim.kz сайтынан.

  • 3 Қазан 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz

Оның мәлімдеуінше, мұндай оқу ордасын Қажылықты зерттеу институтымен және әл-Харам мешітінің институтымен ынтымақтаса отырып, құруға болады. Әмірші бұл ұсынысына Жоғары білім беру министрлігінің құлақ асатынына әрі осынау жобаны нақты жүзеге асыру жолдарын қарастыратынына үміттенетін жасырмады.

Сөзінің соңында өз халқының киелі мекенге және қажыларға қызмет көрсету құрметіне ие болғаны үшін Жаратқан Иеге алғысын айтып, шүкіршілік етті.