Камчаткада аю балықшыны жеп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Камчаткада аю балықшыны жеп кетті

Камчаткада аю балықшыны жеп кетті

Камчатканың солтүстігінде аю балықшыны өлтірген. 67 жастағы ер адамның денесі Тигиль кентіне жақын жерден табылды.

  • 3 Қазан 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күн бұрын зейнеткер салт атқа мініп, ауылдан 50 шақырым жердегі Аманино өзенінің сағасына балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы полицейлерге қаза болған адамның ауылдасы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, ат үйге иесіз қайтып келген.

ІІМ мәліметтері бойынша, өлген адамның денесінен жыртқыш аңның тісі және тырнақтарынің ізі табылған. Аю зейнеткердің денесін жарым-жартылай жеп қойған.