Обама дефолттың қауіптілігі туралы ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама дефолттың қауіптілігі туралы ескертті

 АҚШ президенті Барак Обама үкіметтік органдарды қаржыландыру мәселесі бойынша республикалықтармен келісе алмағандығына ашулы екендігін мәлімдеді, деп хабарлады британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.
           Хабарламада атап өтілгендей, Б.Обаманың пікірінше, үкіметтік мекемелердің бір бөлігіндегі жұмысты тоқтатудың алдын -алу әбден мүмкін болатын.
           Сондай-ақ АҚШ президенті дефолт қаупі жайында ескертті.
           Бюджет мәселесі бойынша конгресс келісімге келе алмағандықтан АҚШ үкіметі өткен сейсенбіде біршама жұмысын тоқтатқан болатын. Федералды үкіметтің 700 мыңнан аса қызметшісі ақы төленбейтін демалысқа жіберілді, ал көптеген мемлекеттік қызметтер, мәселен, төлқұжат, виза беру уақытша көрсетілмей отыр.

  • 3 Қазан 2013
  • 258
Фото - Caravan.kz