«KEGOC» 2013 жылдың соңына дейін IPO бойынша акцияларын саудаға шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KEGOC» 2013 жылдың соңына дейін IPO бойынша акцияларын саудаға шығарады

«KEGOC» 2013 жылдың соңына дейін IPO бойынша акцияларын саудаға шығарады

«KEGOC» акционерлік қоғамы «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасының аясында өз акцияларын жоспарланғандай жыл соңына дейін саудаға шығарады,

  • 3 Қазан 2013
  • 501
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады мемлекеттік бағдарламаның ресми сайтынан.

Бұл ақпаратты halyk-ipo.kz порталында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев растады.

«Қазіргі жағдай бойынша, жыл соңына дейін «KEGOC»-тың IPO бойынша жоспарлары сақталады», — деді Ө.Шүкеев.

«Самұрық-Қазына» басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта «KEGOC» активтерін бағалау жүріп жатыр.