Жыл сайын қазақстандықтар арасынан 1 млн. 300 мыңға жуық ауру анықталады екен - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл сайын қазақстандықтар арасынан 1 млн. 300 мыңға жуық ауру анықталады екен

Жыл сайын қазақстандықтар арасынан 1 млн. 300 мыңға жуық ауру анықталады екен

Жыл сайын 7 миллион қазақстандықты денсаулық жағдайына тексеріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

  • 3 Қазан 2013
  • 526
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, қан айналымы жүйесі аураларына қатысты 2,5 миллион адам, қант диабетіне — 2,6 миллион адам, глаукома дерті бойынша 1,9 миллион азамат тексеріледі. Скринингтермен және тексерулермен жыл сайын 4,5 миллион бала қамтылады.

«Тексерілгендер санынан 1 млн. 300 мыңға жуық түрлі кезеңдегі дерттерді анықтаймыз. Негізгі аурулардың 48 түрі бойынша амбулаторлық деңгейде ақысыз дәрілік заттарды тағайындаймыз», — деді Е. Байжүнісов.

Вице-министрдің айтуынша, жыл сайын ел халқы біздің емханаларға 115 млн. 885 мың мәрте барады. Яғни, орташа есептегенде бір тұрғын емханаға 7 рет барады екен.