Түркия біраз державаларды артқа тастап, Қазақстанның ірі инвесторына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия біраз державаларды артқа тастап, Қазақстанның ірі инвесторына айналды

Түркия біраз державаларды артқа тастап, Қазақстанның ірі инвесторына айналды

Бүгінде Түркия мемлекеті біраз державаларды артқа тастап, Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ондығына енді. Бұл туралы Астанада өткен қазақ-түрік бизнес форумында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Ерлан Қайыров мәлім етті.

  • 3 Қазан 2013
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Былтыр Түркия мемлекеті Германия, АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Кореяны артқа тастап, Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің ондығына енді. Осы елдің бізге салған инвестициясы 2 млрд. доллардың көлемінде болып тұр. Қазақстан болса, әзірше 500 млн.-дай ақша салып отыр. Дейтұрғанмен, жақында Түркия жерінде жылжымайтын мүлікке қаржы салуға рұқсат берілгенін ескерсек, қазақстандық қаржының көлемі өседі деп ойлаймыз», — деп атап көрсетті Е. Қайыров.

Айта кетейік, өткен жылы екі елдің өзара сауда-саттығы 4 млрд. долларға жеткен.