Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында «Қарқыра-автокөлік жолы» бақылау бекеті жабылды, деп хабарлайды Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінен.
Хабарламаға сүйенсек, қос мемлекет өкілдерінің кездесуінде Қазақстан жағы аталған бекеттің уақытша жабылатынын хабарлаған.
«Қарқыра-автокөлік жолы» азаматтарды мамыр-қазан айлары аралығында өткізетін маусымдық өткізу бекеті болып табылады. Қазақ-қырғыз шекарасында барлықы 12 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Оның алтауы халықаралық, алтауы екі жақты мәртебеге ие.