Қостанайда түнгі клубта болған атыс кезінде жергілікті тұрғындардың бірі жарақат алды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Елена Кашаринаның айтуынша, оқиға сейсенбі күні болған. «Ля мажор» деп аталатын пабта көңіл көтеріп жатқан топ мүшелері бір-бірімен сөзге келіп қалған көрінеді.
Даурыққан жастардың бірі оқ атып, клубқа демалуға келген азаматты иығынан жарақаттаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы аптада осымен Қостанайдағы түнгі клубта екінші рет атыс болып отыр. Өткен демалыс күндері осындай оқиға «Вест» клубында да болған-ды. Жаға жыртысқандардың бірі көзінен жарақат алды.