Каспийде браконьерлікпен айналысқан он бір ресейлік азамат құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде браконьерлікпен айналысқан он бір ресейлік азамат құрықталды

Каспийде браконьерлікпен айналысқан он бір ресейлік азамат құрықталды

 Қазақстандық шекарашылар Каспийде браконьерлікпен айналысты деген күдікпен Ресейдің 11 азаматын құрықтады.
           «Кеше шекарашылар Қазақстан республикасының шекара кеңістігін бұзып кірген 11 адамды ұстады. 4 «байда» қайығына мінген ресейліктерден 5500 метрлік ау, 62 бекіре балығы мен 1 итбалық тәркіленді», - деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметінен.
           Ведомство мәліметіне сүйенсек, шекарашылардың бұйрығына бағынбаған олар жауапкершіліктен құтылып кетпек болған.
           «Шекарашылар заң бұзушыларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болды. Олардың қолында жеке куәлік те, қайықтардың құжаттары да жоқ болып шықты. Қолға түскен азаматтардың Дағыстан мен Астрахань облысының тұрғындары екені белгілі болды», - делінген хабарламада.

  • 3 Қазан 2013
  • 338
Фото - Caravan.kz

 Қазақстандық шекарашылар Каспийде браконьерлікпен айналысты деген күдікпен Ресейдің 11 азаматын құрықтады.


           «Кеше шекарашылар Қазақстан республикасының шекара кеңістігін бұзып кірген 11 адамды ұстады. 4 «байда» қайығына мінген ресейліктерден 5500 метрлік ау, 62 бекіре балығы мен 1 итбалық тәркіленді», — деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметінен.
           Ведомство мәліметіне сүйенсек, шекарашылардың бұйрығына бағынбаған олар жауапкершіліктен құтылып кетпек болған.
           «Шекарашылар заң бұзушыларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болды. Олардың қолында жеке куәлік те, қайықтардың құжаттары да жоқ болып шықты. Қолға түскен азаматтардың Дағыстан мен Астрахань облысының тұрғындары екені белгілі болды», — делінген хабарламада.