Таразда көпбалалы ана аудандық әкімдікке басып кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда көпбалалы ана аудандық әкімдікке басып кірді

Таразда көпбалалы ана аудандық әкімдікке басып кірді

Жамбыл облысында бір отбасы күздің қара суығында екі күннен бері далада түнеп жүр. Себебі сот орындаушылары үйлерінен қуып шыққан. Бүгін 4 баласын жетектеген ана аудандық әкімдікте айқайға басып, басшылардан баспана беруін талап етті. Бірақ ауыл емес, бүтін ауданға мінезімен аты шыққан келіншектің талабын орындаудан шенділер бас тартып отыр.

  • 4 Қазан 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

Нүсіпбаевтар отбасы 12 жылдан бері мына ғимараттың үш бөлмесінде тұрып келген. Өздері жұмыссыз. Тұрмыстары төмен болғандықтан сол кездегі ауыл әкімі үйді уақытша паналауға беріпті. Ал, бес жыл бұрын бұл нысан басы бүтін мектепке дейінгі мекемеге айналуы тиіс болған. Бірақ, меншіктеп алған көп балалы жанұя бөлмелерді босатудан бас тартады. Ақыры әкімдік соттасып жүріп, жеңіп шыққан. Іле-шала жеткен сот орындаушылары дүние-мүлкін далаға шығарып, есігіне мөр басып кетіпті. 

Баламның тісі қатты ауырып жатыр, екі күннен бері мектепке барған жоқ. Мен жібермеймін. Ауру, далада жатқан бала, қалай  мектепке барады. Кешелі бері аш жатырмыз далада.

Күздің қара суығында қаңғырып қалдық деген Гүлайым 4 баласын жетектеп, аудан басшысынан баспана сұрап барды. Әбден ашынған келіншек, күзетшілердің сөзіне де құлақ аспай, бірден әкімнің қабылдау бөлмесіне басып кірді.

Баспана керек, менің далада жатқым келмейді. Жылы үйде, бала-шағаммен жатқым келеді.Айналайын ау, үйсіз кім баласын далаға жатқызады. Ит екеш, ит те қора соғып береді ғой.

Үкілеп үміт артқан шенеунік жұмыс орнынан табылмады. Ал, тілшілерді суқаны сүйметін, оның орынбасары Әзімхан Қиылбаев, бізді де, айғайшы келіншекті де амалдың жоқтығынан қабылдады. Айтуынша, бұл отбасыға жергілікті билік көмек көрсеткен.  


Әзімхан Қилыбаев,  Байзақ ауданы әкімінің орынбасары:

— Негізінен бұл кісіге жер берілген, жерді сатып жіберген. Одан кейін үй берілген, одан бас тартқан. Кейін тағы берілді, тағы бас тартты. Бала бақша ғимаратында заң бойынша адамдар тұруға болмайды.

Отбасы кезінде әкімдік үлестірген 10 сотық жерді алып, оны 100 мың теңгеге сатыпты, кейін тағы тегін пәтер ұсынғанда одан бас тартқан. Соғыс ардагерлері, мүгедектер мен 10 балалы жұмыссыз жандардың өзін баспанамен қамти алмаған биліктің, бұл шыңыраққа енді қайта көз қырын салуы екіталай. Ал, өзінен басқалардың бәрін алаяқ деп, қоғамға қапа болған әйел, мұны түсінбейтін сыңайлы.  

—  Мен Шүкеевтің алдында отырамын. Қалай мен далаға барып жатам? Үй керек. Қалай қайтамын мен, маған үй керек.