Түріктің дөнері адам шошырлық жердедайындалып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түріктің дөнері адам шошырлық жердедайындалып келген

Түріктің дөнері адам шошырлық жердедайындалып келген

Ақтаулық тұрғындар енді дөнерден бас тартатын болды. Жергілікті прокуратура қаладағы ет тағамдарын даярлайтын танымал түрік кафесіндегі былықтың бетін ашты.

  • 4 Қазан 2013
  • 200
Фото - Caravan.kz


«Фаст-фуд» тағамдарына арналған ет лас жерде дайындалып келген. Жасырын цех гараждардың бірінде орналасқан екен. Қасапшылар бөлшектеп шапқан тауық пен ірі қара еті былғанып аяқ астында жатыр. Ал  ыдыстар ас салуға арналмаған. Мұнда ең болмаса қол шаятын су да жоқ. Санитарлық талап жайына қалғанына қарамастан, өндіріс көлемі айтарлықтай. Гаражда күніге 60 келі дайын өнім шығарылыпты. Енді цех иесі ірі көлемде айыппұл төлейтін болады.