АҚШ Ауғанстандағы техникасын «Солтүстік дәліз» арқылы тасымалдай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Ауғанстандағы техникасын «Солтүстік дәліз» арқылы тасымалдай бастады

АҚШ Ауғанстандағы техникасын «Солтүстік дәліз» арқылы тасымалдай бастады

Америка әскерлері - Қазақстанда! Пентагонның Ауғанстаннан шығарып жатқан әскери техникасының алғашқы легі Ақтау теңіз портына жетті. Әскери көліктер паромға тиеліп  Бакуға жіберілуде.

  • 4 Қазан 2013
  • 261
Фото - Caravan.kz


Бұл суреттер Әзірбайжанда түсірілген. Теңіз арқылы Қазақстаннан жеткізілген бронды көліктер мен техника Баку портында аялдап сыйымдылығы үлкен машиналарға тиеліп жатыр. Автокеруен әрі қарай Грузияға жол тартпақ. «Солтүстік дәліз» деп аталатын маршрут Қазақстан аумағы арқылы өтетінін айта кетейік. Соңғы он жылда НАТО бұл бағытты тек әуе тасымалы үшін пайдаланған. Енді алғаш рет техникасын теміржол арқылы тасымалдауда. Алғашында әскери жүк өтпейді делінген болатын. Алайда оқиға орнынан түсірілген суреттерден Қазақстан арқылы әскери техниканың тасымалданып жатқанын байқауға болады. Ақтау порты арқылы екі партия АҚШ техникасының өткені белгілі болып отыр. Алдағы уақытта тағы бірнеше легі жеткізілмекші.