Мұхтар Әблязов Франция түрмесінде қала береді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Әблязов Франция түрмесінде қала береді

Мұхтар Әблязов Франция түрмесінде қала береді

Мұхтар Әблязов Франция түрмесінде қала береді. Сот осымен екінші рет атышулы қаржыгердің өтінішін кері қайтарды. Адвокаттары банкирді уақытынан бұрын немесе кепіл ақшамен босатуды сұраған болатын.

  • 4 Қазан 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz


Мұхтар Әблязовтың жасаған былықтарын майшаммен қарайтын алғашқы сот отырысы 5 желтоқсанда Экс-ан-Прованс қаласында өтеді. Сол жерде қыруар қаржыны қымқырған қаржыгерді Қазақстанға, Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау мәселесі де қаралмақ. Алайда қазақ жерінде қылған қылмыстарына жауап беруі тиіс банкир тікелей біздің елге жіберілмейді. Өйткені Франциямен арада қажетті келісім-шарт жоқ. Ал Әблязовты жазалауға білек түрген үш елдің ішінде әзірге Украина ғана сотқа экстрадицияға қажетті барлық құжаттарды түгендеп жіберіп үлгерген.