Британдық жасөспірім мешітке шабуыл жасамақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британдық жасөспірім мешітке шабуыл жасамақ болды

Британдық жасөспірім мешітке шабуыл жасамақ болды

16 жастағы британдық бозбала америкалық «Колумбайн» оқу ордасындағы жаппай қантөгіс секілді өзінің бұрынғы оқыған мектебіне шабуыл жасап, атын шығармақ болған, деп хабарлайды Muslim kz.

  • 4 Қазан 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшылары оның үйінен бұлтартпайтын айғақ ретінде пневматикалық қарудың түр-түрі мен жарылғыш шөлмекті тауып алды. Ол Лестершир графтығына қарайтын Чарнвуд округіндегі Лафборо қаласындағы білім беру мекемесін ойрандауды ойлаған.

Тінту барысында жасөспірімнің үйінен фашисттердің белгісі мен ұлтшылдардың ұраны бейнеленген ноутбук табылған. Бұған қоса, көзі қарайған жасөспірім жергілікті мешітке, кинотеатрға, университетке және колледжге шабуыл жасамақ болғаны әшкере болды. Бір айта кетерлігі, ол аутизммен және Аспергер ауруымен сырқаттанады екен. Әйтсе де, бұл заң алдындағы жауапкершіліктен құтқармайды.