Грузия парламенті бір айға жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия парламенті бір айға жұмысын тоқтатты

Грузия парламенті бір айға жұмысын тоқтатты

Бүгін Грузия парламенті соңғы отырысын өткізіп, бір айға жұмысын тоқтатты.

  • 4 Қазан 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы шешім елдің жоғары заң шығару органының төрағасы Давид Усупашвили пен парламент мүшелерінің кеңесінен кейін қабылданды.

Парламент төрағасының мәлімдеуінше, парламенттің президент сайлауы кезінде жұмысын тоқтата тұруға құқығы бар, алайда үзіліс бір айдан аспауы керек.

Парламент жұмысын тоқтата тұру жарияланғаннан кейін, депутаттар алда тұрған Грузия президентін сайлауда өз үміткерлерін анықтауға бел шеше кірісетін болады.


Еске салар болсақ, Грузияда Президент сайлауы 27 қазан күні өтеді.