Ресейде зейнет жасы ұзартылмайды, бірақ ресейліктерді зейнетке кешірек шығуға ынтыландырамыз. РФ президенті Владимир Путин осылай деп мәлімдеді.
«Бізде қазір зейнет жасын ұзартуға экономикалық мүмкіндік те, әлеуметтік мүмкіндік те жоқ. Сондықтан біз біз зейнет жасын ұзартпаймыз дедік», — деді В.Путин «Единая Россия» партиясы активімен кездесуде.
Сонымен қатар, президент «үкімет адамдарды зейнетке кеш шығуға ынталандыруды ұсынып отырғанын» айтты.