Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды әрі келісімді жүргізілуде - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды әрі келісімді жүргізілуде - Н.Назарбаев

Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды әрі келісімді жүргізілуде - Н.Назарбаев

Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды әрі келісімді жүргізілуде.

  • 4 Қазан 2013
  • 502
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен өткізілген баспасөз мәлімдемесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынастар қарқынды жүргізіліп отырғандығын атап өткен Елбасы: «Қазақстан мен Беларусьтың Еуразиялық интеграциялық үдеріс аясындағы өзара іс-қимылы қарқынды және келісімде түрде жүріп жатыр. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікте таяу болашақта Еуразия экономикалық одағының құрылуы біздің елдеріміздің экономикалық кооперациясын одан әрі тығыз байланыстыратын болады»,- деді.