Антонио Бандерас еліміздегі банктердің бірінде менеджер қызметін атқармақ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Антонио Бандерас еліміздегі банктердің бірінде менеджер қызметін атқармақ

Антонио Бандерас еліміздегі банктердің бірінде менеджер қызметін атқармақ

Қазақстанға әйгілі Голливуд жұлдызы – Антонио Бандерас келді. Бірақ әдеттегідей батыс әртістері тәрізді қонақ болу үшін емес, жұмыс істеу мақсатында. Ертеңнен бастап, Зорро отандық банктердің бірінде менеджер міндетіне атқармақ. Яғни, клиенттердің синьер Бандерастың қолынан несие алып, шот ашуына мүмкіндігі бар. Аты қайырымдылық жасаумен де шыққан актер сондай-ақ бүгін Алматыдағы перинаталдық орталықтың біріне шала туған балалардың өмірі сақталу үшін 38 миллион теңге берді.

  • 5 Қазан 2013
  • 453
Фото - Caravan.kz

Голливудтан ат терлетіп жеткен қонақты осылайша бірінші тілшілер қауымы күтіп алды. Антонио Бандерастың бұл — жалпы Орта Азияға алғаш сапары екен.   

Антонио Бандерас, актер:

— Елдеріңізге бірден Мәскеуден келдім. Естіген шығарсыздар, ол жақта қазір менің жаңа туындым тұсауын кесуде. Әттең, ертеректе келмеппін. Алматы өте тамаша, жасыл қала екен.

Жасы елудің үшіне жетсе де Бандерастың серілігі қайта қоймапты. Әйгілі «Жанкешті» фильміндегі кейіпкері Эль-Мариачидің шеберлігін қолына гитара ұстап, тағы бір қайталады.  

Десе де Антонио Бандерас елімізге тек гитарада ойнап, кино тақырыбында әңгіме өрбіту үшін келмепті. Керісінше, өнерге түк қатысы жоқ менеждер қызметін игермек. 

Антонио Бандерас, актер: 

— Кезінде анам мені банкир болса екен деп армандайтынын айтып отырушы еді. Кешке қоңырау шалып, Қазақстанда банкке менеджер болып орналасқанымды айтып, сүйінші сұраймын!!  

Испан актерінің соңғы жылдары қайырымдылықпен де айналысып, қор ашқаны бар. Соның айғағы болар, бүгін ол Алматыдағы балалар перинаталдық орталығына өз атынан 38 миллион теңгеге шек табыс етті. Бұл сомаға шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін қондырғылап сатып алынбақ.    


Жангелді Сәрсенов, «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті:

— Бұл ақша «Тыныс ал, балақай!» жобасы аясында Орал, Ақтау және Түркістан қалаларындағы перинаталдық орталықтарға құрал-жабдық алуға жұмсалады. Антонио Бандерас тәрізді жұлдыздың мұндай сый жасауы тосын жайт болды.

Ал синьор Бандерас жаңа қызметіне ертеңнен бастап кіріспек.  

— Специально для КТК, Антонио Бандерас!