Ақшамен ұсталған колледж директоры 2 қабаттан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақшамен ұсталған колледж директоры 2 қабаттан секіріп кетті

Ақшамен ұсталған колледж директоры 2 қабаттан секіріп кетті

Пара алып, терезеден секірген! Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің директоры пара алу кезінде ұсталып, қаржы полициясынан осылай қашпақ болыпты. Екінші қабаттан құлаған азамат ауруханадан бір-ақ шыққан. Басы жарылған директорға қатысты іс қозғалып, енді емін алып болған соң бірден түрмеге жабылатын болады.

  • 5 Қазан 2013
  • 634
Фото - Caravan.kz

Қалтасын ақтарып, барын көрсетіп жатқан Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің директоры. Маран Тақабаев оқу ордасындағы асхана иесінен жұмысын жүргізу үшін 5 жылдан бері ай сайын 200 мың теңге талап еткен көрінеді. Шыдамы таусылған кәсіпкер кезекті сомманы беру кезінде қаржы полициясын ерте келіпті.

Бірақ тергеуге қажетті іс-әрекеттерді толық орындап болған соң колледж басшысы жасырынбақ болып, екінші қабаттан секірген.

Жақсылық Жақубаев, Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша баспасөз хатшысы:

–  Секіріп бару сәтінде қызметкерлер ұстап қалған. Бірақ қолынан сырғып, жерге құлап кеткен. Егер де ұстамаса бұл азаматтың құлайы одан қаттырақ болар еді.

Басынан ауыр жарақат алған директор қазір ауруханада ем қабылдауға мәжбүр.

Әнуар Жанқобаев, №7 қалалық ауруханасының нейрохирургі:

Жабық ми жарақаты, ми шайқалу деген диагнозбен бізге қабылданған. Қазір жағдайы орташа мен ауырдың арасында.

Ауруханадағы директорды қос полицей күзетсе, мұғалімдер ешкімді оқу ордасына жақындатар емес.

Кейін сабасына түскен директордың орынбасары сұхбат беруге келісті. Айтуынша, бұл Маран Тақабаевқа қасақана құрылған қақпан. 58 жастағы директордың тіпті жеке көлігі де жоқ деп салды.


Жортулы Толымбет, Алматы мемлекеттік сервис және технология колледж директорының орынбасары:

Қасақана істеп отыр ғой енді, түсінесіз ба?! Тура солай болып тұр ғой. Финпол келеді де, апай-топай оны жабады. Бізді жақындатпайды да. Менің ойымша сондай бір жалған іс-әрекеттермен жасалған дүние. Мүмкін директор орнына талпынған адамдар бар шығар.    

Алдағы 3 күнде аурухана кереуетіне таңылған директорға нақты диагноз қойылып, 10 күн ішінде үйіне жіберілуі мүмкін дейді дәрігерлер. Бірақ оның өз баспанасына немесе тергеу изоляторына баратындығын қаржы полициясы шешетін болады. Қылмыстық іс қозғалған жағдайда пара алған Маран Тақабаев 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.