Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың әскери техникасына қатысты ақпарды жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың әскери техникасына қатысты ақпарды жоққа шығарды

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың әскери техникасына қатысты ақпарды жоққа шығарды

Әскери техника емес, сабын мен әжетхана қағазы тасымалданған. Бүгін еліміздің Сыртқы Істер министрлігі АҚШ Ауғанстаннан Қазақстан аумағы арқылы өз техникасын шығара бастады деген мәліметті жоққа шығарды.

  • 5 Қазан 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz


Бірақ Ақтау порты арқылы Пентагонның бронды көліктерінің тасымалданып  жатқанын бұған дейін Ресей мен Әзірбайжанның ақпарат құралдары жарыса  жазған еді. Дәлел ретінде Бакуға жеткен техниканы суретке түсіріп алған. Алайда еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі мен кедендік бақылау комитетіне сұрау салып ондай ақпараттың дәлелденбегенін мәлімдеді. Айтуларынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Ақтау портымен сабын мен әжетхана қағаздарын тасымалдауда екен.